Халықаралық қазіргі бессайыс одағы (UIPM) 2020 жылы Египетте өтуі тиіс жастар арасындағы әлем чемпионатын кейінге шегерді.

Аталған әлемдік дода 4-10 қазан аралығында өтуі тиіс болатын. UIPM атқарушы комитеті аталған шешімді коронавирус қаупіне байланысты қабылдаған.

«Атқарушы комитетте жарысты кейінге қалдырудан басқа амал қалмады. Әлемдегі әуе шекаралары әлі толық ашылған жоқ», - дейді федерация өкілдері.

Сондай-ақ, қазіргі бессайыстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты да ауыстырылуы мүмкін.