Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің басшысы Ёсиро Мори төртжылдықтың басты додасы көрерменсіз өтуі мүмкін емес екенін айтты.

– Көрермен санын қысқарту мүмкін емес. Егер қысқартуға тура келсе себебін анықтау қажет. Қазіргі уақытта Олимпиаданы жанкүйерлерсіз өткізуді қарастырып жатқан жоқпыз, – деді ол.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары 2021 жылдың шілде-тамыз айларында өтеді.