Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясы (UIPM) виртуалды laser-shooting жарысын өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері көптеген федерация жарысты онлайн өткізуге көшкен. Халықаралық федерация жинақталған нұсқасын #LaserAllStars атауымен басталатынын айтты. Жарысқа кез келген спортшы қатысуға өтініш бере алады.