Коронавирус пандемиясына байланысты спорттық шаралар тоқтап тұр. Тек қана спорт жарыстары емес, атлеттердің қатысуымен спорттық оқу-жаттығу жиындары да уақытша тоқтатылды.

Olympic.kz басылымының хабарлауынша, Байдарка мен каноэ есуден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Андрей Шантаровичтің айтуынша құрама бір маусымды жарыссыз өткізді. Енді жаңа маусымды сәтті бастау үшін спортшылар өздерінің формасын сақтауы тиіс.

«Қазіргі таңда жағдайға қарап, нақты бірнәрсе айту қиын. Жаттығулар тоқтап тұр, құраманың жағдайы бірқалыпты. Падемия аяқталып, команданың жаттығуға қайта оралуын асыға күтіп жүрміз.

Қандай жағдай болмасын, біздің мақсатымыз айқын. Біз шұғылданатын спорт түрі ерекше болғандықтан, бірқалыпты форманы ұстауда қиындық туып жатыр. Мәселен, біз үнемі суда дайындалатынбыз. Індетке байланысты бір маусымды жіберіп алдық. Енді тек алдағы жаңа маусымға дайындықты үдету керек. Егер жағдай реттеліп, бәрі қалыпқа келсе, біздің жарыстарымыз жоспар бойынша наурыз айында басталады. Тайландта өтуі тиіс дода бір жылға кейінге шегерілген болатын. Наурыздағы Азия чемпионатына үлгеру үшін бізге қыркүйек айында жаттығуға кірісу керек.

Спортшылар бапкерлермен тығыз байланыста. Жаңа маусымды біз ойлағандай сәтті бастауымыз үшін спортшылар 60 пайыз өздерінің формасын сақтауы керек. Бұл біздің қалыпқа келіп, жарысты бірден бастап кшетуімізге көп көмегін тигізеді», - дейді бас бапкер.