Нысана көздеуден Қазақстан командасы жыл соңына дейін қандай да бір халықаралық жарыстарға қатыспайды.

«Жыл соңына дейін біздің спортшылар қатысатын әлемдік жарыстар жоқтың қасы. Себебі, біздегі турнирлер алғашқы жартыжылдықта өтеді. Ал аталған турнирлердің барлығы да пандемияға байланысты ұйымдастырылған жоқ. Еліміздегі карантин шараларына байланысты жалпы физикалық дайындыққа арналған оқу-жаттығу жиынын кейінге шегердік.

Осыған қарамастан, спортшылар өз бетімен дайындалу үстінде. Қазіргі таңда олар үй жағдайында жалпы физикалық дайындық жүргізіп, велосипедтен дайындалады, таза ауада жүгіреді. Күн сайын қысқаша видеоесеп міндетті түрде жібереді. Ал бапкерлер күн сайынғы жаттығу бойынша сараптама жасап жатыр», - дейді Довгун.

Қазақстандағы карантин мерзімі 2 тамызға дейін созылғанын естеріңізге саламыз.