Қазақстандық Жансая Әбдімәлік шахматтан әйелдер арасындағы Women's Speed Chess Grand Prix халықаралық шахмат турнирінің 4-кезеңінде жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың бірінші раундында қазақстандық шахматшы перулік Дейзи Корейді 8:4 есебімен ұтты. Ширек финалда Жансая қытайлық Хоу Ифаньға қарсы тұра алмай, 3,5:7: 5 есебімен жеңіліп қалды.