Әйгілі футзал маманы Болат Жахин Алматыда қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы «Гол емес» телеграм-арнасы хабарлады.

16 шілдеге қараған түні Жахин итін серуендетіп жүргенде ерлі-зайыптылармен жанжалдасып қалған. Нәтижесінде ол қарсы тараптың басына «Оса» травматикалық тапаншасынан оқ атқан.

Жәбірленуші 38 жастағы ер адам №4 қалалық клиникалық аурухананың бөліміне жеткізілді.

Дәрігерлер ашық бас сүйек жарақаты және мидың қатты контузиясы диагнозын қойды. Операция сәтті өтіп, науқас есін жиды.

53 жастағы Болат Жахин диктор және ақпаратшы-төреші болып жұмыс істеді. Бұдан бөлек КФФ футзал және жағажай футболы департаментінің міндетін атқарушы, Қазақстан құрамасының менеджері және «Мұнайшы» ШФК спорт директоры болған.

«Қайрат» екі қазақстандық футзалшымен жаңа келісімшартқа отырды

Футзалдан Қазақстан чемпионаты тамызда жалғасады

«Қайрат» АФК мен Кака жаңа келісімшартқа қол қойды