«Ақтөбе» мен қарағандылық «Шахтер» сапында ойнаған армениялық Роберт Арзуманян «Урарту-2» командасының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Урарту» клубының фарм-командасын 2018 жылдың мамырынан бері Арам Акопян жаттықтырған болатын.

Арзуманян бапкерлік карьерасын 2019 жылы бастап, еревандық «Пюниктің» бапкерлік штабында болған.

Экс-футболшының штабына Ваге Арутюнян мен қақпашылар бапкері Альберт Оганян енді.

Еске салайық, Роберт Арзуманян 2013-2014 жылдары «Ақтөбе» сапында ойнап, 48 матчта 3 гол соққан. Ал 2016 жылы армениялық футболшы қарағандылық «Шахтер» намысын қорғаған еді.