Қазақстан футбол федерациясы өмір сүруін тоқтатқан «Ертістің» футболшылармен арадағы мәселесін шешуге қауқарсыз, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Клубтың ойыншылары мен қызметкерлері жалақысын алу үшін кәсіпқой футболшылар одағына өтініш жасаған. Одақ өз кезегінде еліміздегі басты футбол органына жолдау жасаған, алайда бәріне ҚФФ бұл мәселеге араласпайтыны туралы хат келген.