Біріккен Араб Әмірліктерінің «Аль Айн» клубы италиялық «Сампдория» клубының уругвайлық ойыншысы Гастон Рамиреспен келісімшарт жасаудан бас тартты.

29 жастағы тәжірбиелі футболшының клубқа келуіне португалдық жаттықтырушы Педро Эмануэла себеп болған.

Педро қазақстандық ойыншы Бауыржан Исламханды команда қатарында сақтап қалуды көздеп, футболшымен келісімшарт мерізімін ұзартуды басшылықтан талап еткен.

Еске салайық, Исламхан араб клубына ақпай айында ауысқан еді. Жаңа клубта 10 матч өткізіп, 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.