Батуттық гимнастикадан әлем кубогінің кезеңдері қысқартылды, деп хабарлады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) хабарлауынша, бір кезеңі қысқартылды. 3-4 шілде күндеріне Швейцарияда жоспарланған кезең өтпейтін болды. Сонымен қатар, Италия мен Португалияда өтетін додалар кейінге шегерілді. Жарыстың өтетін уақыты жақын арада жарияланады.