Формула-1-ден «Рено» командасы келесі маусымда сапына екі дүркін әлем чемпионы Фернандо Алонсоның қайтып оралатынын мәлімдеді.

38 жастағы спортшы 2018 жылы мансабын аяқтаған болатын. Дегенмен биыл үлкен спортқа қайта оралуды шешіпті.

Фернандо Алонсоның «Реномен» келісімшарт бір жылға жасалады. Осы уақыт аралығында ол 10 миллион доллар табыс табады.