Халықаралық федерациялар әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты жарыс күнтізбесіне өзгерістен енгізуді жалғастыруда. Халықаралық гимнастика федерациясы көркем гимнастикадан World Challenge Cup кезеңінің өтетін уақыттарын белгіледі.

Барлық кезең 2021 жылы өтеді деп жоспарланған. Атап айтқанда, жаңартылған күнтізбеге сәйкес World Challenge Cup кезеңдері Портагулияда 21-23 мамыр аралығында өтсе, 25-27 маусымда – Румынияда, 2-4 шілде күндері Беларусь, ал 9-11 шілдеде Ресейде өтеді.