Әйгілі ринг-диктор (ринг-анонсер) Аман Әжібаев қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

Әжібаев әуесқой бокстатан Қазақстан чемпионатында жұмыс істеді.

«Құрметті боксшылар мен жанкүйерлер, біз үшін орны толмас қайғы жайлы хабарлайды - Қазақстан боксының тұрақты анонсері Аман Әжібаев қайтыс болды. Аман ағаның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз», - делінген ҚБФ баспасөз қызметінің хабарламасында.