Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, боксшы Әділбек Ниязымбетов ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен кездескен кездегі әсерімен бөлісіп, туған күнімен құттықтады.

- Елбасымен кездескен кездегі әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарынан кейін Василий Левит екеуміздің күмісімізді алтынға теңеп, құрмет көрсетті. Халықтың қолдауының арқасында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қошеметіне ие болдық. Қатты қуанып, мәз болдық.

Бізге көрсеткен қолдауы мен жақсылығына алғысым шексіз. Деніне саулық, амандығын тілеймін!, - дейді Әділбек Ниязымбетов.