Talksport.com порталының журналисі Майкл Бенсон украиналық Сергей Деревянченко Сауль Альварес және Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізуге ұсыныс алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Бүгін кешкісін келген көптеген хабарламаға сәйкес, Сергей Деревянченко Канело Альварес және Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізуге ұсыныс алды», - деп жазды Майкл Twitter-парақшасында.

Қазір украиналық боксшының командасы нұсқаларды тексеріп жатыр.

Еске салайық, Альварес пен Деревянченко бұған дейін қаржылық шарттарға келісе алмай, жоспарланған жекпе-жек өтпей қалған еді.