Meta-ratings.kz сайты елордалық «Барыс» пен тағы екі клубтың Құрлықтық хоккей лигасының келесі маусымын өткізіп жіберуі мүмкін деген ақпарат жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Витязь», «Барыс» және «Сибирь» КХЛ-2020/21 маусымына қатыспауы мүмкін.

Қазақстандық команда үшін елдегі эпидемиялық жағдайдың тұрақтанбауы қауіпті болып тұр. Елдегі шектеулер салдарынан команда жаттығу жиындарын өткізе алмай тұр. Маусым басталғанша жағдай түзелмесе, клуб қонақтағы матчтарға бара алмайды және өз мұз айдынында матчтар өткізе алмайды.

Ал қалған екі команданың маусымнан бас тартуына қаржылық қиындық себеп болып тұр.

«Барыс» ҚХЛ-дың келесі маусымына қатыспауы мүмкін

«Барыстың» оқу-жаттығу жиыны кейінгі шегерілді

«Барыс» NHL-да ойнаған шабуылшымен келісімшартқа отырды