Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) және «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы футболдан Қазақстан Чемпионатының барлық ойындарын «QAZSPORT» телеарнасында көрсету туралы келісімшартқа қол жеткізді, деп жазады Prosports.kz телеарнаның ресми сайтына сілтеме жасап.

Телеарнаның тікелей эфирінде әр турдың бірнеше ойынын көрсету жоспарлануда. Ал, тікелей эфирге шықпаған кездесулерді live режимінде qazsporttv.kz сайтында және Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы көруге болады, кейін бұл ойындар телеарна эфирінде қайталанады.

Бұдан бөлек, жанкүйерлер «QAZSPORT» телеарнасында Чемпионаттың әр туры аяқталғаннан кейін тікелей эфирде қазақстандық футбол туралы аналитикалық ток-шоу көре алады.