«Тобыл» футбол клубының қорғаушысы Стивен Эзеге Түркияда операция жасалды, деп жазады Prosports.kz

Бұл туралы қостанайлық клубтың сайтында хабарланды.

Стивеннің отасы сәтті өтті, қазір ойыншы емханада оңалту курсынан өтіп жатыр. Жоспарларға сәйкес, жақын арада Эзе Қостанайға қайтып келіп, қалпына кел жаттығуларын бастайды.

- «Тобыл» футбол клубының ұжымына, сондай-ақ маған тілекші болған жанкүйерлеріме алғысымды білдіргім келеді, сіздің қолдауларыңызға баға жетпейді, - деп жазды Стивен Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Стивен маусым алдындағы жиындарда алған жарақатына байланысты бастапқы екі турды өткізіп алған болатын.