Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Қостанай қаласының орталық стадионын тексерді.

Комиссия ел чемпионаты аясында «Тобылдың» стадионы болатын «Орталық» кешенін тексерістен өтті. Сондай-ақ қосалқы стадион «Тобыл Арена» да сертификациядан өтті.

Екі стадион да Қазақстан Премьер-лигасының матчтарын өткізуге лайық деп танылып, рұқсат берілді.