Қазақстандық шабуылшы Самат Сәрсенов Латвия чемпионатында бақ сынайтын «Валмиера» сапындағы кезекті ойынын өткізді, деп жазады Prosports.kz.
Жоғарғы лиганың төртінші турында оның командасы өз алаңында «Тукумс 2000» командасын 2:0 есебімен жеңді.
Самат Сәрсенов матчтың 74-минутында алаңға шықты.
«Валмиера» (Валмиера, Латвия) - «Тукумс 2000» (Тукумс, Латвия) - 2:0
Гол соққандар: Толуваласе Арокодаре 50, Эрикс Пункулс 83
Айта кетейік, 23 жастағы Сәрсенов латвиялық клубқа ақпанның басында «Тараздан» ауысқан. Қазақстан Премьер-лигасында ол 23 матч өткізіп, бір гол соқты.
Комментарии