Италия футбол федерациясы Италия кубогының өтетін уақытын белгіледі, деп жазады Prosports.kz.

Италия кубогының жартылай финалы аясында «Ювентус» – «Милан» және «Наполи» – «Интер» матч өтеді. Екі ойында жергілікті уақыт 21:00-ге жоспарланып отыр (Нұр-Сұлтан уақыты 01:00). Алғашқысы 13 маусым, ал соңғысы 14 маусым күні өтеді.

Айта кетейік, «Ювентус» – «Милан» арасындағы алғашқы ойын 1:1 есебімен, ал «Наполи» – «Интер» арасындағы бірінші кездесу 1:0 есебімен аяқталған.