Ағылшын Премьер-лигасы жетінші рет коронавирус сынағын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz ресейлік Soccernews.ru сайтына сілтеме жасап.

Лиганың сайтына сәйкес, ойыншылар мен клуб қызметкерлерінен 1213 сынақ алынды. Олардың ішінде бір адам жұқтырған болып шықты.

Жалпы 7487 тексеру жүргізіліп, 13 адамның ауырғаны анықталды.

Еске сала кетелік, АПЛ 17 маусымда жандануы керек.