Мамыр айындағы Бундеслиганың үздік футболшысы атағына кімдердің таласатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үміткерлер арасында жартылай қорғаушы Кристоф Баумгартнер («Хоффенхайм»), қорғаушы Ашраф Хакими («Боруссия» Дортмунд), жартылай қорғаушы Кай Хавертс («Байер»), қорғаушылар Йозуа Киммих және Бенджамин Павар (екеуі де «Бавария») және Тимо Вернер («РБ Лейпциг») бар.

Еске сала кетелік, бұл марапат соңғы рет ақпан айында, «Боруссия» ойыншысы Джадон Санчоға берілді.