«Реал Мадрид» футбол клубы биыл жазда «Интер» қорғаушысы Милан Шкриньярді сатып алуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Мадридтік клуб 25 жастағы Шкриньяр Серхио Рамостың ізбасары болады деп сенеді. Сол үшін оны қатарға қосуға ниетті.

«Интер» басшылары словакиялық футболшыны 80 млн еуроға бағалап отыр. Миланның қазіргі командасымен келісімшарты 2023 жылға дейін жарамды.