Туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду осы маусымның соңында өзге клубқа ауысуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Radio Rossonera журналисі Пьетро Протаның ақпаратына сенсек, Португалия құрамасының капитаны италиялық командадан кетуі мүмкін. Бірақ бұл ақпарат қазірше қауесет деңгейінде ғана қалып отыр.

Айта кетейік, мұндай ақпараттар мамыр айында пайда болды, бірақ ешқандай нақты дәлел жоқ.

Еске сала кетейік, Роналду «Ювентусқа» 2018 жылдың жазында «Реал Мадридтен» 100 миллион еуроға ауысты. Криштианудың туриндік клубпен келісімшарты 2022 жылға дейін жарамды.