Германия кубогының 1/2 финалында "Саарбрюккен" ливеркузендік "Байер" командасын қабылдады. Кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің 11-минутында алғашқы голды «Байердің» шабуылшысы Мусса Диаби соқты. 8 минуттан кейін Лукас Аларио есепті еселеді . Екінші таймның 58-минутында «Байердің» жартылай қорғаушысы Карім Беллараби матч нүктесін қойды.

Осылайша, "Байер" Германия кубогының финалына шықты, онда олар "Бавария" - "Айнтрахт" жұбының жеңімпазымен ойнайды.