Испания астанасының мэрі Хосе Луис Мартинес-Альмейда Мадрид қажет болған жағдайда Чемпиондар лигасының финалын қабылдауға дайын екенін айтты.

«Мен пікірталастар жалғасып жатқанын білемін, сондықтан әкімдік Чемпиондар лигасының финалын Мадридте өткізу идеясын толық қолдайды деп айтқым келеді. Бізде тиісті қауіпсіздік жағдайлары бар, бізде инфрақұрылым және оның қызметтерін сақтау үшін қажетті қызметкерлер бар.

Бұл бүкіл әлемге, біздің басымызға түскен қайғы-қасіретке қарамастан, Мадрид ештеңеден бас тартпайтынын білдіреді», - деді Мартинес-Альмейда The Guardian басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, турнирдің финалы Ыстамбұлда өтеді деп жоспарланған болатын.