2020/21 жылғы маусымынан бастап Армения, Қазақстан және Қырғызстан футболшылары Ресей чемпионатының барлық дивизиондарында легионер ретінде қарастырылмайды, деп жазады Prosports.kz.

Мұндай шешім Ресей Футбол Одағы Атқару комитетінің келесі отырысында қабылданады деп жоспарланып отыр.

Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан - Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер. Ресей футболында бірінші болып (2019 жылы ақпаннан бастап) Беларусь азаматтары легионер ретінде саналмайтын болды.

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтар да мұндай шектеулерге ұшырамайды деп жоспарланған болатын. Алайда коронавирусқа байланысты РПЛ бірнеше ай бойы үзіліске ұшырады. Енді чемпионат шілде айының соңында ғана аяқталады.

Осылайша, Ресей чемпионатының келесі маусым қай уақытта басталса да, қазақстандық ойыншылар легионер ретінде қарастырылмайды.

Айта кетейік, Ресей Премьер-лигасында үш қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Олар - Бактиер Зайнутдинов («Ростов»), Исламбек Қуат («Оренбург») және Акмаль Бахтияров («Сочи»).

Қуаттың командасы қаржылық қиындыққа тап болды ма

Зайнутдинов, Қуат және Бахтияров 21 маусымда жасыл алаңға оралады

Исламхан, Жуков, Қуат және Зайнутдиновтің трансферлік құны төмендеді

Transfermarkt: «Манчестер Сити» ойыншылары «Астанадан» 44 есе қымбат