Sport Mediaset хабарлағандай, уругвайлық шабуылшы «Атлетикоға» «Интер» ұсынысын қарастырып жатқандықтан, оның бұрын келісілген жеке шарттары бұдан былай жарамсыз екенін жеткізді.

Дереккөздің хабарлауынша, Кавани «Интерге» ауысқысы келеді. Уругвайлық сұрмерген бір маусымға 8 миллион еуро жалақы сұрап отыр. Қазір ол ПСЖ-да жылына 12 миллион еуро жалақы алады.

Айта кетейік, Кавани бұған дейін Италияда «Палермо» мен «Наполи» намысын қорғаған.