«Оренбург» футбол клубының ойыншылары коронавирусқа тест тапсырды, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың құрылтайшылар кеңесінің мүшесі Василий Столыпиннің айтуынша, сынақ тапсырған барлық футболшының тесті теріс нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар ол шабуылшы Джордже Деспотовичтің трансфері жайлы айтты.

«Әзірге ойыншылардың барлығы коронавирусқа тест тапсырған жоқ. Бірақ сынақ тапсырғандар теріс нәтиже көрсетті. Ал Деспотович «Оренбургта» қала ма деген сұраққа қазір нақты жауап бере алмаймын. Әлі белгісіз», - деді Столыпин Sport24 басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Ресей чемпионаты 21 маусымда қайта басталады деп жоспарланып отыр. «Ростов» 22 турдан кейін турнирлік кестесінде төртінші орында тұр.