2006 жылы Италия құрамасын бастап әлем чемпионатын жеңіп алған бапкер Марчелло Липпи Криштиану Роналду мен Лионель Месси жайлы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.

72 жастағы маман Роналду мен Мессиді тең дәрежедегі футболшы деп есептейді.

- Роналду мен Мессидің деңгейі бірдей деп санаймын. Бейне Пеле мен Марадона секілді. Олардың біреуі біреуінен мықты деу дұрыс емес, - дейді Липпи.

Сонымен қатар италиялық маман өзі жаттықтырған ең үздік ойыншыны атады.

- Мен жаттықтырған ойыншылардың ішінде ең үздігі Зинедин Зидан деп есептеймін. Ол өресі өте жоғары, ақылды ойыншы болатын, - деді Липпи.