Бүгін, 16 мамыр күні футболдан неміс біріншілігі араға екі айдан астам уақыт салып қайта жалғасады. Еуропаның озық елдері арасынан Германия футболды жасыл алаңға оралтуға белді бекем буды, деп жазады Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша Бундеслиганың 26-туры аясындағы алғашқы бес матч сағат 19:30-да басталады. Ал бүгінге жоспарланған соңғы матчта «Айнтрахт» пен «Боруссия М» командалары кездеседі. «Коммерцбанк» стадионындағы ойын 22:30-да басталады және қазақстандық көрермендер мына сілтеме арқылы матчты тамашалай алады.

«Боруссия Д» - «Шальке»

«РБ Лейпциг» - «Аугбург»

«Хоффенхайм» - «Герта»

«Фортуна» - «Падерборн»

«Аугсбург» - «Вольфсбург»

«Айнтрахт» - «Боруссия М»

Айта кетейік, Германия футбол одағы (DFL) коронавирус пандемиясы кезінде матчтарды өткізу ережесін өзгертті. Барлық құжат 51 беттен тұрады.

Біріншілікте 25 турдан кейін 55 ұпай жинаған «Бавария» көш бастап тұр. 51 ұпай еншілеген «Боруссия Д» екінші орынға жайғасқан. Үздік үштікті 50 ұпайы бар «РБ Лейпциг» түйіндеп тұр.

Германия чемпионаты: Бір ойында 5 футболшы алмастыруға болады

Ресми: Германия чемпионаты 16 мамырда жалғасады

«Боруссия» бос стадионды жанкүйерлердің фотосуретімен толтырады