Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясы (UIPM) Токио Олимпиадасына байланысты ауыстырылған жарыстар күнтізбесін жариялады.

Беларусь астанасы Минскідегі әлем чемпионаты 7-13 маусымға жоспарланған.

Будапешттегі әлем кубогі 24-28 наурызда ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, сәуір айында әлем кубогінің тағы екі кезеңі өтеді деп күтілуде. Финалдық кезең 13-16 мамыр аралығында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтеді.