Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы жарыс кестесіне тағы да өзгеріс енгізді. Бұл жолы құрлықтық олимпиадаға іріктеу турнирі өзгеріске ұшырады.

Олимпиадаға іріктеу турнирі өткізілетін жарыстар қатарында болды. 6-7 маусым күндері өтуі тиіс бәсекені қабылдайтын қала ғана анықталмаған болатын.

Ұйымдастырушылар жарысты тағы да белгісіз мерзімге шегерді. Әзірге, турнирдің кейінірек өтетіні ғана белгілі.