Гиннес рекордтар кітабының нұсқасы бойынша ең егде геймер анықталды - ол жапониялық 90 жастағы Хамако Мори болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Guinness World Records YouTube-каналына берген сұхбатында ол рекордтар кітабына 2019 жылы қарашада 89 жасында енгенін айтқан.

Хамаконың геймер атанғанына 38 жыл болған. Геймер әйелдің сүйікті ойындары Borderlands 3, Call of Duty: Modern Warfare, Days Gone және Resident Evil 3 екен.

Моридің сөзінше, ол күніне 7-8 сағат бойы бейнеойын ойнайды екен.