Transfermarkt порталының есептеуінше, «Манчестер Сити» ойыншыларының трансферлік құны әлем бойынша алғашқы орында тұр, деп жазады Prosports.kz.

«Манчестер Сити» футболшыларының жалпы бағасы 1,02 млрд еуроны (916,02 фунт стерлинг) құрап отыр. Ал екінші орынға тағы бір англиялық клуб «Ливерпуль» 970 еуро (873 £) жайғасқан.

Испанияның қос үздік клубы «Реал Мадрид» пен «Барселона» үшінші, төртінші орынан көрінді. Мадридтік клубтың ойыншылары каталониялық басты қарсыластарынан 30 млн еуро қымбат. Тиісінше 888 млн және 852 млн еуро.

Ал қазақстандық клубтар арасында «Астана» ең қымбат. Елордалық ойыншылардың жалпы трансферлік құны 23,13 млн еуро (20,81 £). Ал алматлық «Қайрат» ойыншыларының құны 19,28 млн. Үздік үшінші орынға қостанайлық «Тобыл» клубы жайғасқан (12,45 млн еуро).