Футболдан Чехия чемпионатының 2019/2020 жылғы маусымы 23 мамырда қайта жалғасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы лиганың ресми сайтында хабарланды.

Коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған чемпионаттың қалған бөлігі «Теплице» - «Слована» матчымен басталады.

Айта кетейік, 24 турдан кейін 58 ұпай жинаған «Славия» турнирлік кестеде көш бастап тұр. Екінші, үшінші орында «Виктория Пльзень» (50) мен «Яблонец» (40) клубтары жайғасқан.