Халықаралық спорттық құзға өрмелеу федерациясы Covid-19 індетінің өршуіне байланысты Швейцариядағы әлем кубогінің кезеңдерін кейінге қалдырды.
Меирингендегі әлем кубогінің кезеңі бастапқыда 3-4 сәуірде, Вилларседегі кезең 2-4 шілдеде өтуі тиіс еді. Аталған додалардың уақытылы өткізілмеуіне Швейцария үкіметінің төтенше жағдай кезіндегі қабылдаған шешімі себеп болған.
Үкімет шешімі бойынша, қазіргі таңда елде тұрғындар тек 8 маусымнан бастап 5 адамнан көп болып жүруге рұқсат берілген. Сонымен қатар, спорттық іс-шаралар көрерменсіз өтуі тиіс.
Комментарии