Ашық суда жүзуден Фукуокеде өтетін олимпиадалық іріктеу турнирі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жапониядағы дүбірлі дода 30-31 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда, COVID-19 індетінің лемде өршуіне байланысты жағдай өзгерді.

Сонымен қатар, маусым айына жоспарланған жарыстар кестесі де өзгеруі мүмікін. Ол туралы толық ақпарат кейін белгілі болады.