Нидерланды үкіметі барлық спорттық іс-шараға кем дегенде 1 қыркүйекке дейін тыйым салып қана қоймай, 2021 жылы да жанкүйерлердің спорт жарыстарына кіре алмайтынын ескертті, деп хабарлайды Prospors.kz.

Бұл туралы Нидерланд денсаулық сақтау министрі Хьюго де Йонге мәлімдеді.

«Біз жанкүйерлерге қашан рұқсат беретінімізді айта алмаймыз. Вакцина ойлап тапқанға дейін бұл мүмкін емес. Оны кімнің қашан жасап шығаратыны да белгісіз».

«Шамамен бір жыл немесе одан да көп», - деді де Джон.

Жаңа вакцинаны ойлап табу 10 жылға созылуы мүмкін, бірақ қазір ғылыми қауымдастықтың барлық әрекеті коронавирусты жеңуге бағытталған, сондықтан оптимистік мерзім 12-18 айды құрайды.

Бірақ тіпті табылғанан кейін де, вакцинаның бағасы, қажетті мөлшерде табуға бола ма, бәрі жұмбақ.