Халықаралық ескек есу федерациясы (FISA) жабық кешенде өтетін академиялық есуден келесі әлем чемпионатын виртуалды форматта өтетінін мәлімдеді.

FISA хабарлауынша, аталған жарыс бірнеше кезеңнен тұрады.

Тұңғыш рет ұйымдастырылатын виртуалды әлем біріншілігінің финалдық кезеңі 2021 жылдың 27-28 ақпан күндеріне жоспарлануда. Жарысқа Concept2 ескек есу жаттығу аппаратына ие спортшы әлемнің кез келген елінен қатыса алады.