Мамырдың 5-і мен 10-ы аралығында Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) Chess.com порталымен бірге Online Nations Cup командалық турнирін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа алты команда қатысады: АҚШ, Үндістан, Қытай, Ресей, Еуропа және әлем құрамалары.

Әлем құрамасы сапына қазақстандық спортшы Динара Сәдуақасова енген. Ол перулік Хорхе Коримен бірге қосалқы тізімде болады.

Әлем құрамасының негізгі төрт мүшесі: Теймур Раджабов (Әзербайжан), Алиреза Фируджа (Иран), Бассем Амин (Египет) және Мария Музычук (Украина). Команда капитаны - ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович.