Ұлыбритания Гран-приінің ұйымдастырушылары жарыстың көрерменсіз өтетінін хабарлады.

Ұлыбританиядағы жарыс 17-19 шілде аралығында өтуі керек. Мұндай шешім қабылдауға коронавирус пандемиясы әсер етті.

Көрермендер сатып алынып қойған билеттерін келесі жылы қолданса болады. Егер қаламаған жағдайда ақшасын толықтай қайтарып алуға құқылы.

Естеріңізге салатын болсақ, Франциядағы Гран-при турнирі өтпейтін болды.