Халықаралық бадминтон федерациясы (BWF) әлемдік турдың үш кезеңі кейінге ауыстырылатынын мәлімдеді деп жазады Olympic.kz.

2-7 маусым күндері Австралияның Сидней қаласында, 9-14 маусымда Таиландтың Бангкок қаласында, 16-21 шілдеде Индонезияның Джакарта қаласында өтуі тиіс әлемдік тур кезеңдері кейінге қалды.

Бұған дейін үш кезең шегерілген болатын.

Әзірге күнтізбеден 23-28 маусымда Калифорнияда өтетін турнир ауыстырылған жоқ.