«Формула-1» биылғы жылы Франциядағы Гран-при турнирі болмайтындығын хабарлады.

Ле-Кастелледегі жарыс 28 маусымда өтуі керек еді. Бірақ Франция президенті Эммануэль Макрон елде шілденің ортасына дейін көпшілік жиналатын шараларды өткізуге тыйым салды.

2020 жылдың басынан бері коронавирусқа байланысты 9 Гран-прр турнирі өтпей қалды. Биылғы мауысмдағы алғашқы эарыс 5 шілдеде Австрияда өтуі мүмкін.