Олимпиада чемпионы қазақстандық Дмитрий Баландин карантинде немен айналысып жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Ол Инстаграм-парақшасында бірнеше сурет жариялап, карантинде не істейтінін жазды.

«Үйде жүзу қиын. Есесіне кітап оқуға, онлайн курстармен айналысуға, тіпті түк істемей төсекте күн өткізуге уақыт табылды. Ең бастысы - мен және басқа да Олимпиада спортшылары сияқты ұнжырғаңызды түсірмеңіз және үйде болыңыз. Осылайша сіз өзіңізді және басқа адамдарды қорғай аласыз», - деп жазды Дмитрий.

Баландин: Олимпиада алтынына қол жеткізген соң, түнімен ұйықтай алмадым

ВИДЕО. Қазақстандық синхроншылар карантин кезінде үйдегі жаттығу жұмыстарын көрсетті