Халықаралық триатлон одағы 2020 жылдың тамыз айында Канаданың Эдмонтон қаласында өтуі тиіс Гранд-финалдың өтпейтінін хабарлады. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Біз үшін спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында. Сол себепті, 17-23 тамыз аралығында өтуі тиіс Гранд-финал бәсекесі 2020 жылы өткізілмейді», - делінген хабарламада. Турнирдің өтуіне COVID-19 індетінің әлем бойынша күш алуы кедергі болып отыр.

Қазіргі сәтте триатлон одағы әлем кубогі кезеңдерін ұйымдастырушылармен, ұлттық федерация және серіктестермен кейбір жарыстаржы жыл соңына қалдыру үшін мәмілеге келуде.