Басқа

Баландин: Олимпиада алтынына қол жеткізген соң, түнімен ұйықтай алмадым

Баландин: Олимпиада алтынына қол жеткізген соң, түнімен ұйықтай алмадым
news-banner7
mobile-news-top

Жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин төрт жыл бұрынғы жеңісін еске алып, ҰОК сайтына сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Олимпиада ойындарының финалына әдеттегідей дайындалдым. Айтарлықтай өзгеше жаттығу жасаған жоқпын. Өзім қандай да бір турнирдің финалына шығарда қыздырынып, музыка тыңдаймын. Жарысуға жарты сағаттай уақыт қалғанда ештеңе ойламауға, өзімді еркін ұстауға тырысамын. Рио ойындарының финалы қарсаңында да тура осындай күйде болдым. Ресейлік Антон Чупков екеуміз әңгімелестік. «Екеуміз де соңғы жолақта жарысамыз, бізге ешкім мән бермейді де. Бар болғаны төрт жылғы еңбегімізді көрсету қажет» деп, бір-бірімізге қолдау көрсеттік. Ал кейін нәтиже қандай болғанын баршаңыз білесіздер. Олимпиада чемпионы атанған соң, жан-дүнием босап қалғандай болды. Автобуста да құттықтауларға жауап беріп, көп ешкіммен сөйлескен жоқпвн. Бөлмеме келген соң, таңғы беске дейін көзім ілінген жоқ», - дейді Баландин.

Айта кетелік, Дмитрий Баландин 2021 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама алды.

Фото: Neonomad.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер