Испанияда коронавирус пандемиясы жағдайында футбол матчтарының қалай өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испаниядағы футбол клубтарының дәрігерлері қауымдастығының президенті Рафаэль Рамос, футбол маусым жалғасатын жағдайда, қытай коронавирусын жұқтырудың алмаудың жолдарын айтты.

«Мен вирусты доп арқылы жұғады деп ойламаймын. Матч алдында бәрін, соның ішінде көгалды да зарарсыздандырамыз. Бәлкім доптан да жұғатын шығар, алайда допты да зарарсыздандырамыз, оның үстіне ол зарарсызданған көгалмен сырғу, домалау арқылы қауіпті азайтады.

Матчтар бұрынғыдай емес, басқаша өтеді. Доп бұрыштамадан көтерілгенде ойыншылар бір-біріне жанаспайды, соғылған голдан кейін да тым жақындап кетуге болмайды», - дейді Рамос El Pais басылымына берген сұхбатында.